Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.
© Сағатхан Әшімбаев
Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
© Сағатхан Әшімбаев
Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді.
© Сағатхан Әшімбаев
Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше..
© Сағатхан Әшімбаев
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
© Дмитрий Менделеев
Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделер үшін және бүкіл адамзат үшін неғұрлым пайдалырақ болса соғұрлым кемелдене түседі.
© Дмитрий Менделеев
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
© Дмитрий Менделеев
Кітапқа да құрсақтағы бала сияқты мерзімді уақыт керек, санаулы апта бойында ат үсті жазыла салған кітап атаулы авторға қарсы сенімсіздік тудырады.
© Генрих Гейне
Талабы таудай болғанмен.
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...
© Алмас Алматов
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...
Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
© Пётр Каптерев