Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Суарған семсер секілді, жастықта жатпа, жайраңда! 
©  Бернияз Күлеев
Ой – көңілдің еркетайы, жыр – жүректің бұлбұлы. 
©  Бернияз Күлеев
Өмір – өзен, өлім – құрдым. 
©  Бернияз Күлеев
Өмір – өзен күні-түні ағады, үстеп оны тұрмыс уы тамады. Өмір у ғой, ішпеген жан арманда, ішкен адам қандай ләззат табады?.. 
©  Бернияз Күлеев
Оймен жыр тап, жырмен түр тап. 
©  Бернияз Күлеев
Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?! 
©  Бернияз Күлеев
Ойдан – қуат, жырдан – қанат. 
©  Бернияз Күлеев
Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын. 
©  Бернияз Күлеев
Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап. 
©  Бернияз Күлеев
Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар. 
©  Бернияз Күлеев
Тұрмыс деген тәңір атқан, ұйықтап жатқан айдаһар. Оят тағы, ауызынан, бақ дегенді барып ал! 
©  Бернияз Күлеев
Бүйтерін кім біліпті бұл жалғанның, Сендім де, ал дегенін қабыл алдым. Жолымнан жауыз тағдыр жаңылдырды, О, дүние-ай! Мезгілімнен қапы қалдым. 
©  Бернияз Күлеев
Жалғанда жұмақ – жазғы жел. 
©  Бернияз Күлеев
Инабат — ердің азығыБақыт пенен дәулеттіңҰстайтұғын қазығы. 
©  Әбубәкір Кердері
Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. 
©  Роберт Ингерсолл
Қайыр берген қол бата берген ауыздан артық. 
©  Роберт Ингерсолл
Көмек көрсеткен қол жалбарынған ауыздан қасиеттірек. 
©  Роберт Ингерсолл
Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл - қазақ тілін ғасырлар бойы қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет! 
©  Хасан Туфан
Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі.
©  Жарри де Манси
Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай тілдердің бірі. 
©  Йоханнес Бенцинг
Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл. 
©  Платон Мелиоранский
Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ. 
©  Шернияз Жарылғасұлы
Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек. 
©  Шернияз Жарылғасұлы
Жақсы болса іні — ортақ. 
©  Шернияз Жарылғасұлы