Платон Мелиоранский

Платон Михайлович Мелиоранский (1868-1906) - орыс шығыстанушысы, түрколог.

1868 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келген. 1891 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің араб-парсы-түрік-татар бөлімін бітірген. Радловтың жетекшілігімен түркі тілдерін қосымша зерттеген. 1894 жылдан бастап сол факультетте лекция оқыған. Санкт-Петербург университетінің профессоры. Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы», «Шайбанинама» деген еңбектері белгілі. Ол Орыс Географиялық қоғамына Санкт-Петербург университетінің профессор И. Н. Березин арқылы келіп түскен Абай өлеңдерімен жақсы таныс болған. Қолжазбаны «Географиялық қоғам жазбалары» журналының 1900 жылғы 9 санында жариялау мақсатымен Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский редакциялап, баспаға әзірлеу үшін Мелиоранскийге берген. Мелиоранский бұл қолжазбалардың Абай шығармалары екенін білмесе де, оны жоғары бағалаған. Бірақ, қолжазба белгісіз себептермен журналда жарияланбай қалған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: