Жаз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 36
Жұмбақтар: 18
Тақпақтар: 32
Өлеңдер: 260
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 7
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Шығармалар: 6
Эсселер: 1

Қыс қарсыз болса, жаздағы егініңді ойла,Жаз жауынсыз болса, қыстағы шөбіңді ойла.
©  Жәди Шәкенұлы
Аңсаған алтын шуақ жазым келді,Жанымның қатпарлары, жазыл енді.
©  Жарасбай Нұрқанов
Алтыным!Рас, үнемі жаз болып тұруы мүмкін емес! Сонда да күздің де, қыстың да өз қыры, өз сыры, өз жұмбағы және өз қуанышы бар екенін ұмытпа!
©  Әкім Ысқақ
Жаз мезгілі- азық жинау, қоржыныңа керегіңді толтыр десе, күз- қартайю, «өтеді дәурен осылай» деп сыбдырлайды, қыс- өлім, ал көктем- қайта тірілу..
©  Нұрхалық Абдырақын
Қыс түскенде өз бойымда жеңуге болмайтын жаз бар екенін түсіндім. 
©  Альберт Камю
Жалғанда жұмақ – жазғы жел. 
©  Бернияз Күлеев
Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
©  Брюс Ли