Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Өзбек - біздің досымыз
Қадірменді бір досымыз – өзбегім,Қалтқысы жоқ демің бейне өз демімӨз сөзімдей жанға жайлы сөздеріңӨз көзімдей күлімдейді көздеріңДәм тұзымыз..
Халықтар достығы
Сырдың бойын ежелден жайлаған,Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,Халықтардың достығының айғағыБүгінгі күн мерекеде жайнаған
Оқушыларға 1 мамыр туралы тақпақ
Тілі бөлек болғанымен тілегі бірҰлы достық мәпелеген жүрегі гүл,Қазақстан бар ұлысқа шаңырақШайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.Қуаныштан..
Ағайынбыз бәріміз!
Ақпыз, қара, сарымызАғайынбыз бәрімізОртақ болсын асқар тауЖеміс толы бақша-бауБолсын жер мен су ортақБолсын бізге ну ортақАқпыз, қара..
Бірлік күні туралы балаларға тақпақ
Қырғыз, қазақ, өзбектер,Монғол, ұйғыр, дүнгендер.Армян, тәжік, грузин,Орыс пенен украин,Терезесі тең жатыр.
Балабақшаға 1 мамыр туралы тақпақ
Алтай, Кавказ ұласып,Баурайы бұйрат кең жатыр.Бақыттың әні асқақтап,Құлаққа даусы кеп жатыр.
Бірлік күніне тақпақ
Сары, ақпыз, қарамыз,Бәріміз де баламыз.Бір Отанда тұрамыз,Бір мектепке барамыз.
1 мамырға тақпақ
Мамырдың бірі, достық күніӘн салып, билеген халықтың үні.Тұтасып, тойлаған ұлттар,Керемет мереке, мамырдың бірі.
Ғалып
Күндердің күні болғандаЖайылып бүтін жаһанғаҒалып* болса керек-ті.
*Ғалып – жеңіп шығу, үстемдік алу.
© Ғұмар Қараш
*Ғалып – жеңіп шығу, үстемдік алу.
Тіл
Тіл – көңілдің ашқышы,Көңіл – жарық, жан – қия.Білім – бақыттың басқышы,Қараңғыда жол қия.
© Ғұмар Қараш
Отан
Отансыз жер барма, Отансыз сән бармаОтан болса қуаныш қуанышпен-бақытОтан зор бақыт, Отан зор байлықОтансыз жер барма.
© КУДАЙБЕРГЕНОВА ЖАСМИНА
Адамзат
Әлемді түгел көрсе де,Алтын үйге кірсе де,Аспанда жұлдыз аралап,Ай нұрын ұстап мінсе де,— Қызыққа тоймас адамзат!
© Бұқар жырау
Ер жігіт
Ер жігітке жарасар,Қолына алған найзасы.Би жігітке жарасар,Халқына тиген пайдасы.
© Бұқар жырау
Төбешік
Үй артында төбешікЕрттеулі тұрған ат болар.Қариясы кімнің бар болсаЖазулы тұрған xат болар.
© Бұқар жырау
Жетпіс бес жас
Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қаруы болмас сойылдың –Өлмесең де жойылдың.
© Бұқар жырау
Заман
Мына заман қай заман,Қаскүнемге жай заман.Араздық пен өсекке,Өлшеуі жоқ бай заман.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабыр
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,Қатты керек адамға бұл бір қылық.Қолы жетпей талмай талап ізденеді,Осыдан кеп шығады адамшылық.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бейнет
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,Бәрін құдай қылады дегенге..
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бүгін шын
Бұрын шын бар бүгін шын,Ертең шын бар үш бөлек.Керегі жоқ бұлардың,Бұзылмайтын шын керек.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жамбылға
...Жан аға! Шықтым өлімнен,Халімді менің көрсейші.Жаның нұрға көмілген,Нұрыңнан ұшқын берсейші!..
© Мағжан Жұмабаев
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса,Ұйықтаған ойды кім түртпек?Ақылға сәуле қонбаса,Хайуанша жүріп күнелтпек.
© Абай Құнанбаев
Түбінде баянды еңбек егін салған
Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
© Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Абай деген аты барАрыстандай жүрегі барӨз еліне мұрасынҚалдырып кетті біз үшін