Балабақша туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 79
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 3
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 14

Тәтті күндер куәсі
Тәтті күндер куәсі, Хош бол бақшам, ғажабым. Балдай тәтті бал күндер, Тарқамасын базарың...
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, жүрегім
Хош бол бақшам, жүрегім, Сенен кетіп барамын. Ұмытпаймын өзіңді, Боп қаласың бағалым.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол деймін өзіңе
Балабақшам, ғажабым, Тәтті күнді өткізген. Хош бол деймін өзіңе, Осы күнге жеткізген.
©  Қоштасу тақпақтары
Шаттығымыз бал бақшам
Шаттығымыз бал бақшам, Бар жақсысын арнаған. Хош бол бала бақшам сен, Тәтті күнін жалғаған.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақшам күн,  айым
Хош бол кетіп барамын, Балабақша күн,  айым. Апайларым рахмет, Күлімдей жүр күн сайын.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақша үнімен
Хоштасып біз барамыз, Балабақша үнімен. Хош аман бол апайлар, Нұр төгіліп жүзіңнен.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақша күндері
Қандай ғажап,  керемет, Балабақша күндері. Хош бол айтып барамын, Жүріп мен де ілгері.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, бал күнім
Хош бол бақшам,  бал күнім, Сыйлаған әр таң нұрын. Апайларым болады, Есімізде балды үнің.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, тіледім
Хош бол бақшам,  тіледім, Шаттықты күн арайын. Апайларым аман бол, Ашылып жан сарайың.
©  Қоштасу тақпақтары
Рахмет балабақшама
Рахмет балабақшама, Берген балғын шақтарын. Апайларым жайнаған, Көп болсын бал шақтарың.
©  Қоштасу тақпақтары
Саған ешкім жетпейді
Балабақшам қимаймын, Саған ешкім жетпейді. Сенде өткен күндерім, Есімнен еш кетпейді.
©  Қоштасу тақпақтары
Ұмытпаймыз күндерді
Балабақшам жүрегім, Есте сақтап жүремін. Ұмытпаймыз күндерді, Сенде өткізген, білемін.
©  Қоштасу тақпақтары
Бал күндерім бақшам бал
Хош бол деймін өзіңе, Бал күндерім,  бақшам бал. Тәрбиеші апайлар, Шуақ шашсын атқан таң.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақшам қимаймын
Балабақшам қимаймын, Сенде өткізген күндерді. Хоштасамын бақшаммен, Қадам басып ілгері.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол деймін бал бақшам
Хош бол деймін бал бақшам, Алға басып адымдап, Тәрбиеші апайлар, Аман жүрші жалындап. 
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол Балабақшам сен
Хош бол Балабақшам сен, Балдай тәтті күндерім. Тәрбиеші апайлар, Бал-бұл жансын жүздерің.
©  Қоштасу тақпақтары
Хоштасамын өзіңмен
Балабақшам киелім, Хоштасамын өзіңмен. Алға қадам басамын, Ерекше бір сезіммен.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақшам әдемі
Хош бол деймін өзіңе, Балабақшам әдемі. Қадам басам мектепке, Хош бол бақша әлемі...
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам,  жүрегім
Хош бол бақшам,  жүрегім, Сенде өсіп,  түледім. Бақшамның бұл қайтадан, Келмейтінін білемін.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақшам,  балдай бұл
Хоштасып бал бақшаммен, Қимай кетіп барамын. Балабақшам балдай бұл, Жүректесің,  бағалым.
©  Қоштасу тақпақтары
Балабақшам бұл менің
Балабақшам бұл менің, Тәтті күнін сыйлаған. Апайларым біздерге, Бар жақсысын жинаған. Хош бол тәтті күндерім, Кетем қалай,  білмедім. Апайларым  аман..
©  Қоштасу тақпақтары
Бал күндерім бақшамда
Мен де кетіп барамын, Ашып өмір парағын. Бал күндерім бақшамда, Қалды,  қимай қарадым.
©  Қоштасу тақпақтары
Шаттығы көп бал күндер
Хош бол бала бақшам сол, Қимай сені барамын. Шаттығы көп бал күндер, Сендерге ұзақ қарадым.
©  Қоштасу тақпақтары
Тәтті күндер тізбегі
Хош бол менің бал бақшам, Тәтті күндер тізбегім Апайларым аман бол, Күлім қағып жүздерің.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол жайлы мекенім
Хош бол жайлы мекенім, Ойнататын,  билетер. Балабақшам, шырайлым, Бар жақсысын үйретер.
©  Қоштасу тақпақтары