Нақыл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 19
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1536
Әңгімелер: 2

Әулет әліппесінен ақыл-нақыл
Ойнап-күліп жүру керек,Ойлап жүріп-тұру керек!Жеті жасқа жетпей бала«Жеті атасын» білу керек!«Жеті атасын» білмеген,Құлағына ілмеген,Ұятқа қалып..
©  Серікбай Оспанов
Өмiр
Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме?Ой-жырасы болады тегiстiң де.Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген,Оңай емес құбылған жер үстiнде. 
©  Фариза Оңғарсынова
Қадiр
Күндi де бұлт қамайды мылқау бұл деп,Жерде де асылдарды құртар күндеп.Көп жабы көлденеңдеп көсiлгенмен,Қадiрiн серiктестiң тұлпар бiлмек. 
©  Фариза Оңғарсынова
Қыз сипаты
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,Ақ мандай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті. 
©  Сүйінбай Аронұлы
Төбешік
Үй артында төбешікЕрттеулі тұрған ат болар.Қариясы кімнің бар болсаЖазулы тұрған xат болар. 
©  Бұқар жырау
Жетпіс бес жас
Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қаруы болмас сойылдың –Өлмесең де жойылдың. 
©  Бұқар жырау
Бүгін шын
Бұрын шын бар бүгін шын,Ертең шын бар үш бөлек.Керегі жоқ бұлардың,Бұзылмайтын шын керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы