Бірлік күні туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 87
Өлеңдер: 19
Құттықтау, тілектер: 63
Баталар: 9
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 9
Эсселер: 9

Ынтымақты біз елміз
Ынтымақты біз елміз, Бірлігіміз жарасқан. Әр жиында бас қосып, Сыйластықпен тарасқан.
©  Бірлік күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Жарқырасын жанымыз. Әр жыл сайын тойлайық, Бірлік күнін тағы біз.
©  Бірлік күні
Бірлік күні ғажайып
Бірлік күні ғажайып, Құтты болсын сіздерге. Сыйластықта барлық ұлт, Үн қататын ізгі елге!
©  Бірлік күні
Жасай берсін сыйластық
Қазақстан жанданып, Жасай берсін сыйластық. Түрлі ұлттар бір-бірін, Жамандыққа қимастық.
©  Бірлік күні
Ынтымақты елім бұл
Ынтымақты елім бұл, Жарасатын бірлігі. Сыйластықта үн қатар, Достастықта тірлігі.
©  Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Ынтымақтың мекені. Түрлі ұлттар достықты, Көңілге ту етеді.
©  Бірлік күні
Тыныш болсын еліміз
Тыныш болсын еліміз, Бірлік күні жанданып. Біз жүрейік балалар, Бірлік күні ән салып...
©  Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Келіп жеткен бүгінгі. Жасай берсін ынтымақ, Шырқатып ән жырымды.
©  Бірлік күні
Жүректе бар сағыныш
Жүректе бар сағыныш, Бүгін бірлік күніне. Ынтымақтың күні бұл, Келсе дейміз күніге.
©  Бірлік күні
Ұлтаралық достастық
Ұлтаралық достастық, Тамыр жайған тереңге, Біріне бірі қиналса, Дайын тұрар демерге.
©  Бірлік күні
Сүйемін туған жерімді
Сүйемін туған жерімді, Ынтымағы жарасқан. Ұлтаралық достастық, Сыйластыққа жанасқан.
©  Бірлік күні
Жақсы көрем елімді
Жақсы көрем елімді, Бірлік күнін тойлайтын. Өзге ұлттармен сыйласып, Татулықты жоймайтын..
©  Бірлік күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Туылған бірлікті елінде. Ынтымақты сақтайтын, Қазақстан жерімде.
©  Бірлік күні
Бейбітшілік ұраным
Бейбітшілік ұраным, Бірлік күні жалғасар. Достығымыз берік бұл, Сыйластықпен тарасар.
©  Бірлік күні
Достығымыз жарасып
Бірге ойнаймыз балдармен, Достығымыз жарасып. Достық сенімін ақтаймыз, Сыйластықта тарасып.
©  Бірлік күні
Күйіміз де бір біздің
Күйіміз де бір біздің, Үйіміз де бір біздің. Астындамыз бір тудың, Көктем, жазым, бір күзім.
©  Бірлік күні
Бірге біздің Жанымыз
Бірге біздің Жанымыз,. Шырқап айтар әніміз. Бірлік күні тойлаймыз, Мерекені тағы біз.
©  Бірлік күні
Бүгін бірлік күнінде
Бүгін бірлік күнінде, Мерекені тойлаймыз. Баласымен өзге ұлт, Асыр салып ойнаймыз.
©  Бірлік күні
Өзге ұлттан досым бар
Өзге ұлттан досым бар, Бірлігіміз жарасқан. Кезіміз көп бірге ойнап, Сыйластықпен тарасқан.
©  Бірлік күні
Бірлік күні кеп жеткен
Жанымызды тербетті, Бірлік күні кеп жеткен. Ынтымақ пен достықты, Сыйластырған құрметпен!
©  Бірлік күні
Көңілімнің көктемі
Көңілімнің көктемі, Бірлік күні кеп жеттің Сыйластықтың үнімен, Жанымызды тербеттің!
©  Бірлік күні
Үшінші айдың бастауы
Үшінші айдың бастауы, Бірлік күні қараңыз. Бір болайық халайық, Ажырамай арамыз.
©  Бірлік күні
Ұлтаралық ынтымақ
Ұлтаралық ынтымақ, Бүгін бірі мамырдың. Жалғасы бұл шаттықта, Шуақты атар таңымның.
©  Бірлік күні
Бірлінімнің күні бұл
Бірлігімнің күні бұл, Бірінші мамыр мереке. Ынтымақ пен сыйластық, Жол салатын береке.
©  Бірлік күні
Біплігіміз жарасып
Ынтымақта болайық, Бірлігіміз жарасып. Қиын сәтте барлық ұлт, Бір-біріне қарасып.
©  Бірлік күні