Тіл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Тілдер күні бастасын!
Тілдер күні бастасын, Қуаныш пен бақытқа. Достығымыз жарассын, Сыйласып әр уақытта!
©  Тілдер күні
Қазақстан көпұлтты
Қазақстан көпұлтты, Мемлекет бұл қараңыз. Әрбір ұлттар тату боп, Жайнай түссін араңыз!
©  Тілдер күні
Сендерге әрдайым орын бар
Сендерге әрдайым орын бар, Тілдерім төріме қоныңдар! Ақ тілек батамыз сендермен, Бақытты болыңдар, болыңдар!
©  Тілдер күні
Шын жүрекпен тілеймін!
Құтты болсын мереке, Бүгін Тілдер күні бұл! Шын жүрекпен тілеймін, Шаттық әуен, ән мен жыр!
©  Тілдер күні
Бүгінгі бұл мереке
Бүгінгі бұл мереке, Қуанышқа бастасын! Тілдер күні достықта, Ынтымақты жақтасын!
©  Тілдер күні
Тілдер күні тербесін!
Тілдер күні тербесін, Қазағымның даласын. Ынтымағы жарасып, Қуантсын әр баласын!
©  Тілдер күні
Тілдер күні жеткенде
Тілдер күні жеткенде, Қуанайық шаттықта. Бірлігіміз жарасып, Ұмтылайық бақытқа!
©  Тілдер күні
Тілеймін бақ-береке
Тілеймін бақ-береке, Жадырасын жаныңыз! Бүгін тілдер күнінде, Ән салайық бәріміз!
©  Тілдер күні
Құтты болсын айтамын!
Құтты болсын айтамын, Бүгін Тілдер күніне. Ынтымақта, достықта, Күле түс елім күніге!
©  Тілдер күні
Болмасыншы мұңымыз
Ынтымақ пен бірлік боп, Болмасыншы мұңымыз. Жасай берсін Тілдерім, Әніміз бен жырымыз!
©  Тілдер күні
Әркімнің өз тілі бар
Әркімнің өз тілі бар, Көпұлтты Қазақстан біз. Құрмет етіп Тілдерді, Бәріне құшақ ашқанбыз.
©  Тілдер күні
Жарқыраймыз, жанамыз!
Жарқыраймыз, жанамыз, Тіл достығы барында. Жасай берші Тілдерім, Қазағымның бағына!
©  Тілдер күні
Достастығы Тілдердің
Достастығы Тілдердің, Алға қадам бастырсын! Тілдер күні құтты боп, Досқа құшақ аштырсын!
©  Тілдер күні
Қиындықтар болмасын!
Қиындықтар болмасын, Тәуелсіз қазақ жерінде. Жасай берші Тілдерім, Сыйластықта елімде!
©  Тілдер күні
Жадырасын жаныңыз!
Жадырасын жаныңыз, Бүгін Тілдер күнінде. Тойлайықшы бірлікті, Ынтымақты күніге!
©  Тілдер күні
Татулықтың белгісі
Татулықтың белгісі, Бүгінгі Тілдер күні бұл. Құтты болсын сіздерге, Сыйластықтың үні бұл!
©  Тілдер күні
Мейрамыңмен Тілдерім!
Мейрамыңмен Тілдерім, Қыркүйектің бесі бұл. Жасай берші Тілдерім, Бақыт сыйлап есімің!
©  Тілдер күні
Мерекеңмен бүгінгі
Құттықтаймын Тілдерім, Мерекеңмен бүгінгі. Қуанышта, шаттықта, Өткізе бер күніңді.
©  Тілдер күні
5 қыркүйек келгенде
Бесінші қыркүйек келгенде, Тойлаймыз Тілдер достығын. Жасай берші Тілдерім, Шығып сәтті жақсы үнің!
©  Тілдер күні
Құрметтеймін Тілдерді
Құрметтеймін Тілдерді, Елімізде бар болған. Жасай берші Тілдерім, Атар сәтті таң болған!
©  Тілдер күні
Жүрейікші бар болып
Тілдер күнін бір тойлайық, Бірлігіміз жарасып! Жүрейікші бар болып, Игі істерге таласып!
©  Тілдер күні
Атсын шаттық таңымыз!
Атсын шаттық таңымыз, Аман болып жанымыз. Бүгін Тілдер күнінде Ән салайық бәріміз!
©  Тілдер күні
5- ші бұл қыркүйек
Бесінші бұл қыркүйек, Мерекесі Тілдердің. Ынтымақта тату боп, Жүретін бұл ізгі елдің!   
©  Тілдер күні
Биік болсын еңсеміз
Тілдеріміз тату боп, Биік болсын еңсеміз! Бізбен бірге болыңыз, Сыйластыққа сенсеңіз!
©  Тілдер күні
Шаттығымыз көп болсын!
Тілдер күні құтты боп, Шаттығымыз көп болсын! Көпұлтты Қазақстанда, Уайым-қайғы жоқ болсын!
©  Тілдер күні