Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Аққала – ақ бала.
Аққала мен ақ бала,Сырғанайды сырғанақта.Жаздым тақпақ бәріне,Ақ қыс сұлу ақ өлең.Ақ бала жасады аққала.Ақ қар жатыр далада.
Қараторғай
Қараторғай көктемнің –Хабар берер жаршысы.Күн шуағын төккен күн,Құбылады бар түсі.
Анамның әні
Анамыздан тыңдадықӘсем әнді әуелі.Әлди, әлди, әлди-айӘсем әні анамның.
© Сейтмағанбетова Жұпар