Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Ұстазым, мерекеңізбен!
Сегізінші наурызың,Құтты болсын ұстазым.Амандықта құлпырып,Өте берсін қыс,жазың.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын!
Әр күніңіз жайнасын,Бұлбұл құстар сайрасын.Сегізінші наурыз бұл,Қуанышын арнасын.
©  Жібек Ысқақова
Әжетайым, мереке құтты болсын!
Әжетайым асылым,Жүзіңде мұң болмасын.Құтты болсын мерекең,Қуаныш тапсын жалғасын.
©  Жібек Ысқақова
Жан әпкем, мерекеңмен!
Жанашырым жан әпкем,Әуезді әнмен тербеткен.Сегізінші наурызбен,Құттықтаймын кеп жеткен.
©  Жібек Ысқақова
Анашым, мереке құтты болсын!
Аялаған анашым,Құтты болсын мерекең.Көктем күні қуантып,Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз, көктемгі мейрам
Шаттығына бөлейтін,Сегізінші наурыз бұл.Құтты болсын мереке,Тербеп сізді ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Көктемгі мереке , 8 наурыз
Көктем ашты есігін,Құтты болсын мереке.Көктем сыйлап бақытын,Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын, 8 наурыз
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға шаттық сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Қуанышын жинайтын.
©  Жібек Ысқақова
Алғашқы көктем мерекесі
Алғашқы мейрам көктемнің ,Құтты болсын кеп жеткен.Ақ тілекпен көмкеріп,Айналаны гүлді еткен.
©  Жібек Ысқақова
Арулар мереке құтты болсын!
Ару қыздар, ау қыздар,Ерекше сұлу жансыздар.Шұғылалы ататын,Шырайлы ақ таңсыздар.Құтты болсын мерекең,Ару қыздар, бал қыздар!
©  Жібек Ысқақова
Әжелер, аналар, арулар
Әжелер мен аналар,Әпкелерім жайнаған.Құтты болсын мерекең,Жүзіңде нұр ойнаған.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға бақыт сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Шаттық гүлін сыйлайтын.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым, мерекеңізбен!
Құтты болсын мерекең.Ұстазым гүл жайнаған.Гүл көктемдей құлпырып,Жайнай берсін айналаң.
©  Жібек Ысқақова
Әжелер мереке құтты болсын!
Ақ жаулықты әжелерім,Мерекені тойласын.Жүзіңізде күлім қағып,Бақ-береке ойнасын.
©  Жібек Ысқақова
Әжелер мереке құтты болсын!
Ақ жаулықты әжелерім,Мейрекені тойласын.Жүзіңізде күлім қағып,Бақ-береке ойнасын.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын аналар!
Әрбір ана күлімдесін,Мерекеде гүл жайнап.Алла сәтті күнін берсін,Көздерінде нұр ойнап.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз
Сегізінші наурыз келді,Құтты болсын мереке.Көктемдейін құлпырып,Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
1 апрель (сәуір) күлкі күніне тақпақ
«Күлкі болу» мейрамыАлдар Көсе - жырымыз,Айшығымыз, туымыз.Алдамасақ біреудіАдыра өтер күніміз.Тазша бала - піріміз,Өтірікке іріміз;Уәзірі..
©  Жанбай Өзденбаев
Әрбір күн
Әрбір күннің ақ таңын,Жарқырап бір атқанынЖаза берсін көругеЖаратқаным, жаппарым.
©  Жанбай Өзденбаев
Кім не береді?
Әже келеді,Көже береді.Ата келеді,Бата береді.Әжем мені «Ботам» дейді,Атам мені «Жотам» дейді.Мен әжемнің ботасы болам,Мен атамның жотасы..
©  Жарасқан Әбдіраш
Тілашар
Әліппе алып,Әріп танып,Тіл сындырдым,Өліп-талып...Тағы да той жасап атам,Талап қойды аса қатаң:– Беліңді бу –Қиындарға!Білімді қу –Миың барда!Қолын..
©  Жарасқан Әбдіраш
Күзгі қуаныш
Алақай-ау!Алақай!Алақай-ау!Алақай!Бұдан былай мен ендіЕмеспін жай «Балақай!»Осыдан да көлемдіОқи алам өлеңді...Бардым бүгін мектепке,«Оқушымын!» мен..
©  Жарасқан Әбдіраш
Қуырмаш
– Бұл жыр Бірден басталмақ?– Бір дегенің – Басбармақ!– Екі – Балалы үйрек пе?– Білем оны.Үйретпе!– Ортан қолды Үш дейді!– Төрт ауызға түспейді?– Аты..
©  Жарасқан Әбдіраш
Ағылшынша тақпақ - Kazakhstan
It is my country It is my love Oceans an seasFlowers and trees Everything is mine Everything is yoursIt is my countryMy Kazakhstan
Мысық пен жолбарыс
Жолбарысты «жақыным» деп,Арыстанды «батырым» деп,Қасқырды «қайсарым» деп,Қабыланды «май сарым» деп,Қара аюды «көршім» деп,Түлкіні «елшім» деп,Тыныш..
©  Өтебай Тұрманжанов