8 наурыз мерекесі туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 27
Эсселер: 2

Әжелер , ана, арулар мереке құтты болсын!
Құтты болсын мереке,Гүл көктемде кеп жеткен.Алғашқы мейрам көктемнің,Әуезді әнмен тербеткен.Әжелер, ана-әпкелер,Құтты болсын мерекекең.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз айы келгенде,Айнала жайнап, құлпырар.Сегізінші наурызда,Ақ тілектер үн қылар.Құтты болсын мереке,Көңілге шаттық, жыр тұнар.
©  Жібек Ысқақова
Наурыздың 8 і халықаралық әйелдер мерекесі
Наурыздың бүгін сегізі,Нұрын шашып келген күн.Шаттық, бақыт сыйлайтын,Халықаралық мейрам бұл.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыздың бүгін сегізі,Ән жырымен тербесін.Құтты болып мереке,Гүл көктем жанды емдесін.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Көңілде мұң болмасын,Қуаныш тапсын жалғасын.Сегізінші наурызда,Бақыт-нұр ашсын арнасын.
©  Жібек Ысқақова
Сегізінші наурызға тілек
Наурыздың бүгін сегізі,Шаттығыңды бастайтын.Құтты болсын мереке,Шад күніңді растайтын.
©  Жібек Ысқақова
Арулар мерекең құтты болсын!
Құтты болсын мерекең,Аруларым жайнаған.Шаттық сыйлап өмірің,Гүл жайнасын айналаң.
©  Жібек Ысқақова
Көктемгі мереке құтты болсын!
Күн күлімдеп нұр шашқан,Қуаныш, шаттық ұласқан.Сегізінші наурыз бұл,Мерекеге үн қосқан.
©  Жібек Ысқақова
Әпке, мереке құтты болсын!
Жанымнан әркез табылар,Асыл әпкем, жан әпкем.Наурыздың бүгін сегізі, Құтты болсын мерекең.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі
Көңілді тербеп ән мен жыр,Шаттығын сыйлар бұл мезгіл.Алғашқы көктем мейрамы,Ақ ниет жауар гүл кез бұл.
©  Жібек Ысқақова
Мейрам құтты болсын , 8 наурыз
Сегізінші наурызда,Ақ тілектер ағылар.Гүл көктемдей құлпырып,Шамнан шырақ жағылар.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Көктем күнін бастайтын,Сегізінші наурыз бұл,Құтты болсын бұл мейрам,Жаудыратын тілек, жыр.
©  Жібек Ысқақова
Мейрам құтты болсын, жеңге!
Асыл жеңгем, ақ жеңгем,Құтты болсын мерекең.Отбасыңа бақ орнап,Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым, мерекеңізбен!
Сегізінші наурызың,Құтты болсын ұстазым.Амандықта құлпырып,Өте берсін қыс,жазың.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын!
Әр күніңіз жайнасын,Бұлбұл құстар сайрасын.Сегізінші наурыз бұл,Қуанышын арнасын.
©  Жібек Ысқақова
Әжетайым, мереке құтты болсын!
Әжетайым асылым,Жүзіңде мұң болмасын.Құтты болсын мерекең,Қуаныш тапсын жалғасын.
©  Жібек Ысқақова
Жан әпкем, мерекеңмен!
Жанашырым жан әпкем,Әуезді әнмен тербеткен.Сегізінші наурызбен,Құттықтаймын кеп жеткен.
©  Жібек Ысқақова
Анашым, мереке құтты болсын!
Аялаған анашым,Құтты болсын мерекең.Көктем күні қуантып,Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз, көктемгі мейрам
Шаттығына бөлейтін,Сегізінші наурыз бұл.Құтты болсын мереке,Тербеп сізді ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Көктемгі мереке , 8 наурыз
Көктем ашты есігін,Құтты болсын мереке.Көктем сыйлап бақытын,Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Мереке құтты болсын, 8 наурыз
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға шаттық сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Қуанышын жинайтын.
©  Жібек Ысқақова
Алғашқы көктем мерекесі
Алғашқы мейрам көктемнің ,Құтты болсын кеп жеткен.Ақ тілекпен көмкеріп,Айналаны гүлді еткен.
©  Жібек Ысқақова
Арулар мереке құтты болсын!
Ару қыздар, ау қыздар,Ерекше сұлу жансыздар.Шұғылалы ататын,Шырайлы ақ таңсыздар.Құтты болсын мерекең,Ару қыздар, бал қыздар!
©  Жібек Ысқақова
Әжелер, аналар, арулар
Әжелер мен аналар,Әпкелерім жайнаған.Құтты болсын мерекең,Жүзіңде нұр ойнаған.
©  Жібек Ысқақова
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Сегізінші наурыз бұл,Баршаға бақыт сыйлайтын.Құтты болсын мереке,Шаттық гүлін сыйлайтын.
©  Жібек Ысқақова