![]() |
|
![]() |
Әпке туралы Тақпақтар ✍️
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 43
Жаңылтпаштар: 1
Құттықтау, тілектер: 28
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 6
Өзіңізбен күн думан
Өзіңізбен күн думан, Шаттық нұрын себетін. Асыл Әпкем, жан әпкем, Бар жақсысын беретін.Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мейрімдісіз әпкетай
Мейрімдісіз, әпкетай, Өзіңізге баурайтын. Мейрімге толы сөзіңіз, Көңілге күй жалғайтын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем өзің жанашыр
Әпкем өзің жанашыр, Бізді ойлап жүретін. Бар жақсыны бізге арнап, Адал өмір сүретін.Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Нұрлана берсін жүзіңіз
Алтын әпкем, жан Әпкем, Өзіңмен нұрлы таң Әпкем. Нұрлана берсін жүзіңіз, Балдай тәтті бал Әпкем! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем десем
«Әпкем» десем еркелеп, Өзіңізге жан Әпкем. Қуанышын сыйласын, Өзіңізге әр көктем. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкесі барлар
Әпкесі барлар бақытты, Жанашыры бар оның. Әпке деген — қасқоршың, Ажыратар оң, солын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем менің
Әпкем менің жанашыр, Баурап алар әр жанды. Әпкем менің ең асыл, Нұрландырар бар маңды.Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкпеме
Сестра, сен әпкесің,Әсем қалпақ, шәпкесің.Қаламын-ау қиналып,Бір жігіт алып кеткесін.Сүйемін сені, сыйлаймын,Ешкімге де қимаймын.Аулымыздың..
— Абдрахман Асылбек
Сіңлі-әпкеге мың алғыс!
Мейіріммен үн қатар, Мұңайсаңыз жұбатар. Сіңлі-әпкеге мың алғыс, Жақындарын ұнатар! Жібек Искакова
— Алғыс айту күні
Жігіт болдым
Тентектігім тыйылды,Бүлдірмеймін бұйымды.Әпкем маған үйреттіТөсек-орын жиюды.Дейді маған: «Ерінбе,Жаман болып көрінбе!»Оқушы боп үлгілі,Ие болдым..
— Болат Үсенбаев
Жан әпкем, мерекеңмен!
Жанашырым жан әпкем,Әуезді әнмен тербеткен.Сегізінші наурызбен,Құттықтаймын кеп жеткен.
— Жібек Ысқақова
Әпке-жезделер - тойда амандасу
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.
— Асаба (тамада)
Әпке
Үлкен деп сені сыйлаймын,Қырлардан гүлді жинаймын.Шаттанып әркез күлсін депАйтқаныңды тыңдаймын.