Ұстаз туралы Тақпақтар ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 19
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 88
Өлеңдер: 166
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 52
Құттықтау, тілектер: 40
Туындылар: 3
Әңгімелер: 50
Шығармалар: 22
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 47
Ұстазым
Ұстазым менің, ұстазым, Білімнің берген жақсысын. Өзіңнен нәр аламын, Ұстазым менің, ұстазым!
© Нұрғалиқызы Ясира
Ұстаздарым мың алғыс
Алғашқы бүгін қоңырау, Мектебімде соғылды. Ұстаздарым мың алғыс, Қасымыздан табылды.
© Білім күні
Жылдың соңы кеп қалды
Жылдың соңы кеп қалды, Қоштасамыз сіздермен. Көп рахмет Ұстазым, Бірге болған біздермен.
© Қоштасу тақпақтары
Көп рахмет ұстазым.
Алғысымыз көп біздің, Көп рахмет Ұстазым. Көріскенше қайтадан, Білім берер Ұстазым.
© Қоштасу тақпақтары
Көбейсінші шаттығың
Мұғалімім, ұстазым, Көбейсінші шаттығың. Хош болыңыз, аман боп, Жалғап тағы тәтті күн.
© Қоштасу тақпақтары
Хош болыңыз Ұстазым
Хош болыңыз Ұстазым, Демалысқа шығамыз. Жаңа оқу жылында, Мектепке бас бұрамыз.
© Қоштасу тақпақтары
Әр сөзіңіз жүректе
Білім берер біздерге, Мұғалімге алғыс көп. Әр сөзіңіз жүректе, Сізбен бірге көңіл тек.
© Қоштасу тақпақтары
Хош болыңыз мұғалім
Білім берген біздерге, Хош болыңыз мұғалім. Қайта айналып келгенше, Аман болшы мұғалім.
© Қоштасу тақпақтары
Білім берген мұғалім
Сізге айтамыз рахмет, Білім берген мұғалім, Амандықта болыңыз, Сізге құрмет қыламын.
© Қоштасу тақпақтары
Көп рахмет мұғалім
Білім берген біздерге, Көп рахмет мұғалім. Өзіңізге арналар, Жүректегі жыр, әнім.
© Қоштасу тақпақтары
Аман болшы ұстаздар
Оқушысын қолдайтын, Аман болшы ұстаздар. Есімізде боласыз, Өтсе-дағы қыс-жаздар.
© Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарға мың алғыс
Жылдың соңы таяды, Ұстаздарға рахмет. Алғыс айтып жүрекпен, Қоштасуды қабыл ет.
© Қоштасу тақпақтары
Айтарымыз рахмет
Айтарымыз рахмет, Ұстаздарым сіздерге. Мейірімді жүзіңмен, Білім берген біздерге.
© Қоштасу тақпақтары
Хош аман бол ұстазым
Жылдың соңы кеп қалды, Хош аман бол ұстазым. Жаңа оқу жылында, Көріскенше ұстазым.
© Қоштасу тақпақтары
Күлімдесін жүзіңіз
Ұстаздарым ардақты, Күлімдесін жүзіңіз. Жанып әрбір еңбегің, Амандықта жүріңіз.
© Қоштасу тақпақтары
Мұғалімге рахмет
Шәкірт жанын түсінер, Мұғалімге рахмет. Білім беріп жүретін, Бізден сізге көп құрмет.
© Қоштасу тақпақтары
Мектептің сіз жүрегі
Мейірімді ұстазым, Мектептің сіз жүрегі. Білім беріп, тәрбиелер, Мектептің сіз тірегі. Хош аман бол ұстазым, Күлім қағып үнемі.
© Қоштасу тақпақтары
Хош болыңыз апайым
Жылдың соңы кеп қалды, Хош болыңыз апайым. Көп рахмет айтарым, Шын жүректен апайым.
© Қоштасу тақпақтары
Жадырасын жаныңыз
Ұстаздарым рахмет, Жадырасын жаныңыз. Қандай жақсы сіздердің, Қасымызда барыңыз.
© Қоштасу тақпақтары
Ағайларым рахмет
Қасымыздан табылар, Ағайларым рахмет. Тәрбиесін беретін, Бізден сізге көп құрмет.
© Қоштасу тақпақтары
Сабақ берген біздерге
Апайларым рахмет, Сабақ берген біздерге. Алғысымыз көп біздің, Шын жүректен сіздерге.
© Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарым рахмет
Білім беріп үйреткен, Ұстаздарым рахмет. Әрқашанда болады, Бізден сізге көп құрмет.
© Қоштасу тақпақтары
Құрметіміз сіздерге
Ұстаздарым рахмет, Құрметіміз сіздерге. Шын жүректен, мейріммен, Білім берген біздерге.
© Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарым рахмет
Ұстаздарым рахмет, Білім беріп, үйреткен. Еркелетіп анамдай, Қуанышты күйде еткен.
© Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарым хош деймін
Жылдың соңы кеп қалды, Ұстаздарым хош деймін. Шын жүректен сіздерге, Алғысымыз көп деймін.
© Қоштасу тақпақтары