Қазан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 29
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 27
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Аллаға жағайын десең,Азаның болсын.Қазыға жағайын десең,Қазаның болсын
©  Самет Оқанұлы
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас).Бұл мақал бір қалада екі бектің бір-бірімен келісіп тұра алмайтындығы, əйтеуір, біреуінің кетіп..
©  Түркі халықтары
Қазандық қара болсын, бірақ ондағы ботқа қара түсті ме?
Алдындағы асың қазандағысынан ыстық емес.
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.
Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.
Қасығы сынған қазаннан ұрттайды.
Қара қазан қазанға:
“Ойпырмай, бетіңді тазала!”
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.
Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.
Қазанға түскен
Қапқа түспейді.