Бөрік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 13
Жұмбақтар: 4
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 10
Жаңылтпаштар: 3
Әңгімелер: 1

Татсыз түрік болмас,Бассыз бөрік болмас. (Тат – оңбаған, арамза, опасыз деген мағынада).
©  Түркі халықтары
Басы аман болса, бөрік табылады.
Басы бүтін болса-бөрік табылады
Заманың қалай болса,Бөркіңді солай ки.
Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.
Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
Бөрік бассыз болмас.
Я басқа бөрене тиеді,
Я бөрік киеді.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Бөрік – басқа көрік.
Бас — бөріктің қалыбы.
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.
Бөріктінің намысы бір.