Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қасқырдың қастығы — қарынының аштығы, адамның достығы — балыңның тәттілігі! 
©  Абдраманов Арсланбек
Жылан уын сезбес, адам мінін көрмес! 
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы мен жаманның арасы — біреуге тиген пайданың өлшем! 
©  Абдраманов Арсланбек
5 минут құр алдамшы елес емес,Уақыт менсінбейтін таста емес,Әр секундыңды бағала, пайдалы өткіз,Сонда өзің өлгенмен тарих өлмес
©  Абдраманов Арсланбек
Сенікі сенен кетпейді, тек халал несібеңді харамға айналдырып алудан сақтан! 
©  Абдраманов Арсланбек
Уақытты қалай өлтіремін деп ойлап отырғанда, уақыт сені жайлап өлтіруде!
©  Абдраманов Арсланбек
Жасай алатын адам үнсіз жасайды. Жасай алмайтын адам бос сөзден басқа еш істі тыңдырмайды.
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы көр деп жалын ба! Жақсы көре алатындай қыл!
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса!
©  Абдраманов Арсланбек
Өз сүрінгеніңнен емес, өзгелердің сүрінгенінен сабақ ал! 
©  Абдраманов Арсланбек
Бастау — ерлік, соңына жеткізу — парасаттылық, ал мақтанбау — кемелдік.
©  Абдраманов Арсланбек
​«Ертең» — наданның күнтізбесіндегі ең ұзын күн.
©  Абдраманов Арсланбек
Өзіне пайдасы жоқтан — өзгеге шапағат күтпе.
©  Абдраманов Арсланбек
Алла ризалығымен басталған іс — екі дүниенің жемісі.
©  Абдраманов Арсланбек
Тәкаппардың жетістігі — ақыреттің өкініші.
©  Абдраманов Арсланбек
Әрекетсіз арман — аяқсыз тұлпар! 
©  Абдраманов Арсланбек
Саны бар, сапасы жоқ адам — сүрінгенде тұрмаған адам.
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы істі ертеңге қалдыру — наданның еншісі. 
©  Абдраманов Арсланбек
Сынақтың ауырлығында емес, оны қабылдаудың сабырлығында мән бар. 
©  Абдраманов Арсланбек
Тән топыраққа сіңгенмен, игі іс тарихқа сіңеді! 
©  Абдраманов Арсланбек
Қадам аяқтан емес, ниеттен басталады.
©  Абдраманов Арсланбек
Өмірдің соңы беймәлім болғаны — әрбір сәттің мәнді болғаны.
©  Абдраманов Арсланбек
Ниет қылған адамға қашанда уақыт табылар!
©  Абдраманов Арсланбек
Білімсіз, жауапкершіліксіз жасалған іс – былық!
©  Абдраманов Арсланбек
Бізді адам ететін – өмір үшін күрес!
©  Абдраманов Арсланбек