Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жақсылыққа жақсылық –Таңқаларлық іс емес.Жақсылыққа жамандық –Адамдықтың ісі емес
©  Самет Оқанұлы
 Ілім – бұлақ,Білім – шырақ
©  Самет Оқанұлы
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс
©  Самет Оқанұлы
Сәлем – сөздің анасы
©  Самет Оқанұлы
Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын
©  Самет Оқанұлы
Қайыр қылсаң, бүтін қыл
©  Самет Оқанұлы
Мақтан дерт болар, уәде серт болар
©  Самет Оқанұлы
Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді
©  Самет Оқанұлы
Аз сөз – алтын,Көп сөз – көмір
©  Самет Оқанұлы
Ойлы адам өсекке құлақ түрмейді,Ойсыз адам жел беріп үрлейді
©  Самет Оқанұлы
Ашуың келсе, қолыңды тарт,Айтпас жерде тіліңді тарт
©  Самет Оқанұлы
Құлшылыққа құлшыну – құтылу
©  Самет Оқанұлы
Жақсының сөзі кіші, ойы биік
©  Самет Оқанұлы
Көңілің пасық болса,Айналаң қашып болар.Көңілің ашық болса,Көрген жан ғашық болар
©  Самет Оқанұлы
Арамның ісі өрге баспайды,Өрге басса да, өрден аспайды
©  Самет Оқанұлы
Жетімді, жетім демеңіз,Жетімнің ақын жемеңіз
©  Самет Оқанұлы
Әкең жынды болса, байлап бақ
©  Самет Оқанұлы
Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік
©  Самет Оқанұлы
Бес саусақ білекке,Білек жүрекке бағынышты
©  Самет Оқанұлы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
©  Самет Оқанұлы
Нәпсінің тізгінін тартпасаң,Адамдық кетер, ар кетер.Өмірге өрнек салмасаң,Дүниеден қалдың құр бекер
©  Самет Оқанұлы
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш
©  Самет Оқанұлы
Ұяты бардың иманы бар
©  Самет Оқанұлы
Шыдамды еңбек, алғыр ой,Анық досың біліп қой
©  Самет Оқанұлы