Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.
Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.
Тары болса,Тауық табылады.
Су байлық —Алты айлық.Қар байлық —Үш айлық. 
Диқан еккенін жейді,Жылқы тепкенін жейді. 
Қар суының тасқынын,Қасқалдақ көрмес. 
Гүл қайда болса,Көбелек сонда. 
Дауылдың алды — жел,Жаңбырдың арты — сел. 
Суға кеткен тал қармайды. 
Орман —Ел дәулеті,Жер сәулеті. 
Бұлаққа бұлақ қосылса,Егізбіз дейді.Көлге көл қосылса,Теңізбіз дейді. 
Жалғыз еменге жай түскіш. 
Кімнің тарысы піссе,Соның тауығы. 
Жалғыз ағаш орманға қарайды,Жалғыз бала қорғанға қарайды. 
Елді жер —Еңісті жер.Еңісті жер —Жемісті жер. 
Ағаш — жапырағымен,Жер — топырағымен. 
Кімнің жерін жайласаң,Соның отын оттарсың. 
Көше қаланың —Көркі.Көкорай —Даланың көркі. 
ТарылыЕлге барсаң,Жарма жерсің,Балықты елге барсаң,Қарма жерсің. 
Қабығы қатты жаңғақтың,Дәні тәтті. 
Атына қарай —Тұрманы.Егініне қарай —Қырманы. 
Сөзі көп те, мәні жоқ,Сабаны көп те, дәні жоқ. 
Мақтаның анасы — жер,Атасы — су. 
Қарбыз, қауын — екі-үш ай сауын.
Күтімді егін бітімді.Бітімді егін түсімді.