Ерекше мақал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 12

Еріншек қатынның етегі жыртық,Ерке қатынның ерні тыртық.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.
Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.
Құнажын көзін сүзбесе,Бұқа бұйдасын үзбейді.
Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.
Байлауы жоқ шешеннен,Үндемеген есті артық.Бәйге алмаған жүйріктен,Белі жуан бесті артық.
Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!
Қатын қысылса шағынады,Ер қысылса сабылады.Қатын ұшынса қағынады,Ер ұшынса шабылады.
Жығылып жатып қисайғанға күлме.
Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа.
Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.
Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.