Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  176


Автор: Темірше Сарыбаев

ҚИЯЛЫМДА БІР ӨЗІҢ

Бір өзің боп барша мұң, барша қайғым,
Көрмегелі жүзі өтті қаншама айдың?
Жылдар өтер жылыстап, ай ауысар,
Күтем сені!
Күтуден шаршамаймын.
Сенгем және сенемін саған ғана,
Қиялымда бір өзің, санамда да.
Күнім болып қонғансың көкірегіме,
Жұлдызым боп жанасың жанарда да.
Өзгермейсің қалпыңнан, болмысыңнан,
(Жырымды да қомсынып, зорға ұмсынам).
Ғарышқа да, қалдырмай, алып ұшар,
Тәңір, мені айырма сол құсымнан.
Сол құсымнан айырма – періштемнен,
Ойларымнан сақтарсың теріс келген.
Ортаймайды ешқашан оман-дария,
Жарға соққан толқыннан мен ішкенмен.
Қандырайын шөлімді, құмарымды,
Біле тұрып бір күні сынарымды.
Өткізейін аңсаумен, сағынышпен
Өзің берген, а, Құдай, мына күнді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу