Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  92


Автор: Науат Шантубайқызы

Тіл сәулесі

Күн ашылса мен де ашылып кетемін,
Бүгінгіге ұқсамайды, кешегім.
Өз қуатым жету керек өзіме,
Ешкімнің де тіленбеуге жетегін.
Әрбір істі бастау керек ойлана,
Салмағымды көтеретін жер ғана.
Қақ айрылып жол беріпті батырға,
Асау өзен ағып жатқан долдана.
Білімсіздер білектерін білейді,
Бірақ, олар көрінбейді үрейлі.
Құр байлықтың құлы болған пенделер,
Ат үстінде айғайы үдеп шірейді.
Қыран дауысы естіледі әр таудан,
Мірдің оғы тоқталмаған қалқаннан.
Шеберлікті шектемейтін халықпыз,
Қашаған да құтылмаған арқаннан.


Әлі көп қой білімдер мен білмеген,
Жазғым келіп тұрса-дағы күнде өлең.
Қағаз бенен қаламың тек қаруың,
Тың өлеңдер жазылады тілменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу