Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  840


Автор: Талап Қараш

Асқанбек құрдасыма...

Шардараның Асқанбегі тау тұлға,
Өзің жайлы ұялмаймын айтуға.
Көңілің мәрт бейне теңіз толқыған,
Айырбастап сені алмаймын алтынға
Ұқсайсың сен нағашы бір ағама,
Қамқор болған жетім жесір балаға.
Еңселіні таныйды елі ісінен,
Қоңырау соқ келіп кетсең қалаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу