Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  98


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Өлең ойдан өрген бе...

Өлең ойдан өрген бе,
Назырқанбай, назданбай.
Өрекпиді өр кеуде,
Бәрін сарқып жазғандай.
Тым алыстан сұлу жыр,
Сыйым болып қарады.
Олсыз өмір сүру бір,
Қиын болып барады.
Кештер таңға ұласып,
Таңнан нәрі – байғыздай.
Тағдыр менен сынасып,
Бетін жыртам айғыздай.
Қой дей алмас еш пенде,
Мүсіркейді-ау, дегенмен.
Жыр күрмеуін шешкенде,
Мен де кетем денемнен.
Ауыр тәннен арылып,
Ауыр ойдан жыр өрер.
Ару нұрға малынып,
Кербез дүние – жүрелер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу