Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  97


Автор: Жандарбек Жұман

Қарашадағы хат

Араласып кеткендей арман,қайғым,
Арбауына өзгенің алданбаймын.
Сен кеткелі хабарсыз-көңіл алаң,
...Өлеңімді өлтіріп алғандаймын.

Жандырдың-ау лаулатып көңіліме от,
Өлеңімді өлтірме! Өмірім ед...
Сағынғым келмесе де мына сені,
Сағына берем неге?!...О,құдірет!

Баяғы мұң-серігім енді менің,
Көз алдымда-қылығың,мөлдір өңің.
«Бір хабары кеп қалар...» деген оймен,
Ұялы телефонға телміремін...

Солмаса екен кешегі көктемгі үміт,
Хақымыз бар: танытсақ өктемділік.
Бәрі-бәрін басынан бастайықшы,
Маған деген,"болмашы" өкпеңді ұмыт!

P.S
Не болса да арамызда күт мені,
Жан-жаралы...Табылмады түк те емі.
Сары күзге нүкте қойған,қараша,
Махаббатқа қоймаса екен нүктені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу