Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
344
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан — Ғажапстан!
Жақсы ұйқас,
Жақсы ұйқаспен өлең жазғым кеп еді.
Бірақ, бірақ мұнымды жұрт жақтырмас,
Ғажаптығын сезінген жоқ себебі!
«Қазақстан — Қағазстан!»
Қостайды ел,
Осылай деп өлең жазса ақыны.
Мықты болсаң бұдан кейін саспай көр,
...Не боп кетті ақыры?
«Ауруын жасырған (жан) өледі»,
(Ел де солай сияқты-ау).
Ғажап елде өмір сүргім келеді,
Қағаздан сәл болса-дағы ұяттау...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter