Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  88


Автор: Мақпал Жұмабай

Қатігез күннің қылығын...

Қатігез күннің қылығын,
Жапырақтардың дірілін,
Арамдықтарын адамның
Жек көретіндердің бірімін.
Мұнара арман, мұнара,
Аласармашы күн ара.
Жердегі барлық жеңісім
Сезімталдықтан шығар, ә?
Балдырған көзді арманым,
Жанғаның керек, жанғаның.
Қулығы көп-көп өмірден
Ешқайда кете алмадым.
Шаршаған жоқпын, шалдықтым,
Басымнан өткен барлық мұң,
Жекпе-жекке де шығайын
Жыға алсаң жықшы, ал мықтым.
Әй, қайдам, менің жанымды,
Жүрегімдегі әнімді
Өшіре алған ешкім жоқ
Жанарымдағы жалынды.
Мазамды ал, тіпті, әурелен,
Аласармайды-ау тау деген.
Жаралды жаным-жапырақ
Таудан құлаған сәуледен.
Сәулені жеңу мүмкін бе?
Сәулені жеңу мүмкін бе?
Жеңістерімнің барлығы
Тау болып кетті бір күнде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу