Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  93


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Иттің инауаты

Ауылды ең алдымен ит қорғайды,
Ит ашықса, өреден құрт қоймайды.
Ит пен бит жанын бағып кетеді ғой,
Кім мына аш – жалаңаш жұртты ойлайды?!
Иттің жатақ, адамның тұтіні бар,
Иесі бар иттердің кұтімі ұнар?..
Ит қалай ел болмайды басын қосса,
Дұниеде төрт жұз алты тұқымы бар?!
Ұсақ билік қолына тиісімен,
Кейбіреу үй тігеді, үй ішінен
Ит байғұс неше алуан қылмыскерді,
Ақысыз тауып жүр ғой иісінен
Көнеді тауға айдасын, тасқа айдасын,
Қоймайды елден биік бас пайдасын.
Ендеше, шойын қора салдырғандар,
Иттен күні төмендеу жасты ойласын!
Төбеттер топ құрмайды, пара алмайды,
Пендеше қиянатқа бара алмайды.
Ит құрлы қадірі жоқ алаяқтар,
Кінәсіз ақынды да арандайды.
Алдына келген елді талағанша,
«Жазушы» деп жасанды ат жамағанша.
Дүние бір серпіліп қалар ма еді,
Жауыз ит – нағыз иттен сабақ алса?!



2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу