Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
238
Қайырлы таң!
Қайырлы таң!
Арыстаным, қайыры мол күн болсын,
Биіктерге ұмтылдырып, шақыратын шың болсын.
Дәл бүгіннен қуат алып, қанаттанып самғай бер,
Жауың болса қайратыңнан жігерлері құм болсын.
Бүгінгі күн қуанышым,
болсын бақыт бастауы,
Ашық болсын өміріңнің жырға тұнған аспаны.
Құтты болсын жаңылыспай тауып келген қадамың,
Өзіңе ынтық сан арудан көрмей менен басқаны.
Қайырлы таң!
Күліп оян, өмір қандай әдемі.
Осы күннен ашылады асылыңның әлемі.
Жанды ерітіп жүрегіңде сызылады әуені,
Сенің мұңды өміріңнің ұзақ күткен әні еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇