Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
213
МАҒАН ҒАНА БҰЙЫРҒАН
Қараңғыда сені ойлап таң атырдым,
Сол жылдарды сағынышпен сапырдым...
Алаштағы алтын айдар ұл едің,
Махаббатың болдым сенің ақырғы.
Талай қыздың жүректерін жандырып,
Жүруші едің сезімдерін ән қылып,
Бірақ сенің тағдырыңа жазыпты,
Маған ғана жар болуды мәңгілік.
Ұрпағыңның жөн-жосығын түзетіп,
Ұлтымыздың сақтап барлық ізетін
Отыруды маған ғана жазыпты
Сенің қара шаңырағыңды күзетіп.
Қырағы едің шалып түсер қиырдан,
Талай ару жолда қалды қиылған.
Сол таластан Жаратқанға мың шүкір!
Маған ғана осы бақты бұйырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇