Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  235


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

АҚ ЖАҢБЫР

Дүние түгел тұр тынып,
Айтар ма сірә басқа «әнді»
Аспанның төсі жыртылып,
Ақ жаңбыр, міне, басталды.
Жағасын бұлттың сілкілеп,
Найзағай еркін салды ойнақ.
Ақыннан өзге жыр тілеп,
Өң түзеп, шіркін, қалды аймақ.
Далаға жинал, ал, тұрың,
Жоғалды аптап, отты ызғар.
Жалатып нұрға балтырын,
Барады күліп көп қыздар.
Жайнауы үшін қырым гүл,
Керек-ақ екен нұрың бір.
...Ыс шалған көңілдерді де,
Табиғат-ием жуындыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу