Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  116


Автор: Жангелді Немеребай

САҒЫНЫШ

Сонау бала кезімнен ер жетпеген,
Сағыныштың бесігін тербеп келем.
Жұбата аламай сәбиін сезімдердің,
Өтер ме екем өмірден ермекпенен.
Арманым көп алысқа алып ұшқан,
Сәттерім де жоқ емес жаңылысқан.
Сырға толы жүрегім, жырға толы,
Кетер ме екем өртеніп сағыныштан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу