Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
173
Іздеймін деп тірліктің басқа амалын....
Іздеймін деп тірліктің басқа амалын,
Баққан жоқпын ешкімнің қас-қабағын,
Беттемедім өріне Алатаудың,
Қызықпадым төріне Астананың.
Байқайын деп дұшпан мен дос арасын,
Туған жердің күзеттім босағасын,
Күзеттім бе, біреуді түзеттім бе,
Шынымды айтсам, білмеймін осы арасын.
Жерге нұры дамылсыз дарып жатқан,
Күннің көзін іздедім шаңырақтан.
Күдігімді күредім тоң боп қатқан,
Үмітімді үзбедім Əлімсақтан.
Далам менің жайылған текеметтей,
Шаң-тозаңнан арылмас сілкіп өтпей.
Жауын жауып, тағы көк шыққанынша,
Біз де қурап жатармыз солған шөптей.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter