Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
103
Жаным менің ашынар
Тоғышардың заманы өтті десек те,
Сұғынып жүр текке ішіп-жесек деп,
Тоңмойынның заманы өтті десек те,
Башпайменен амандасар төсектен,
Парақордың заманы өтті десек те,
Азайған жоқ ап жүргендер кесектеп,
Пəлеқордың заманы өтті десек те,
Ит қосып жүр қадамыңды есептеп,
Қызғаншақтың заманы өтті десек те,
Адалдықты құрбан еттік өсекке,
Бұл дамысты-тұлпар шабыс десек те,
Жете алмай жүр жортақтаған есекке,
Əлі күнге ұға алмаймыз мынаны:
Мен бе, сен бе - осыған кім кінəлі?
Көрмес білмес қалпымыздан жазбадық,
Талай күйге салар бізді бұл əлі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter