Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
172
Заман қайда барғанда жұмысым не?
Заман қайда барғанда жұмысым не?
Басты шатпай, аулақ жүр, құрысын де!
Оттың басын жүргенде ондыра алмай,
Қай атамның құны бар бұл ісіңде?!
Бұйырғаны өзіме – майда қадам,
Анық бассам аяқты, пайда табам!
Сел қаптаса, шығамын қыр басына,
Дауыл соқса, түсемін сайға таман!
Мен емеспін тұтқасы тіршіліктің,
Жер айналып, менсіз де Күн шығып тұр.
Өрем жетпес өрелі екпінінен,
Аралассам, өлем ғой тұншығып құр!
«Әліңді біл, Аяз би!» - дегендей-ақ,
Жас күнімде айқайдан жегем таяқ!
Су құймаса болғаны тышқаншалап,
Күнкөрістік ырзықты егем саяқ!
Заман қайда барғанда бәрі бір ғой,
Кемедегі адамның жаны бір ғой.
Кәрі еменді тамырдан шапқанменен,
Орнындағы топырақта қаны жүр ғой...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇