Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
156
Сен отырсың қиял кешіп...
Сен отырсың қиял кешіп тым ыстық,
Əлдилейді сені жалғыз тыныштық.
Терезеңнен үңіледі марғау түн,
Еш алаңсыз періштедей бар қалпың.
Иығыңнан төгіледі бұрымың,
Есігіңнен ене алмайды ұры мұң.
Түпсіз қара көздеріңе нұр ұйып,
Əлденеге қоясың сен жымиып.
Əйнегіңнен ұшқан бозғыл сəулеге,
талпынады,
Түсті көңілім əуреге.
Хафиз айтқан ғашықтыққа сенбегем,
Енді, міне, діріл қақты бар денем.
Балғын бейнең баянсыз бақтай сезілген,
О, дариға, барам құлап төзімнен.
Сосын аяз,
Табанымнан сыз өтіп,
Тұрдым сені үн-түнсіз мен күзетіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter