👈 қаріп өлшемі 👉

Мұрат Шаймаран

Мұрат Шаймаран — 1969 жылы 13 қарашада ҚХР-дың Үрімжі қаласында дүниеге келген. Белгілі ақын, ұстаз.

1969 жылы дүниеге келген. 1988 жылдан 1993 жылға дейін ҚХР, ШҰАР Іле педагогикалық институтының қазақ тілі - әдебиеті факультетінде оқыған. 1993 жылы ҚХР, ШҰАР «Күйтін газетінде» бас редактор болып қызмет атқарған. 1996 жылдан 1998-ші жылға дейін ҚХР, Нәнжин қаласында Қытай Халық университетінің журналистика институтында(сырттай) магистрант бөлімінде оқыған. 2000 жылы ҚХР, ШҰАР журналистер одағы тарапынан «Үздік әдеби редактор» мәртебесіне ие болған. 2004 жылы атамекені - Қазақстанға бір жола қоныс аударған. Шаймаран Мұрат 2006 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультеті халықаралық журналистика кафдрасында оқытушы, 2008 жылдан 2010 жылға дейін факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ай
Ит

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы