Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  223


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Ел аңсаған нұрлы күн!!

Тəуелсіздік! Өзіңді аңсап, шарқ ұра
Қанша ғасыр, қанша заман ағылды.
Еркіндікті əперем деп халқыма
Қаншама бас қағылды!
Ат үстінде ер арыған жылдар-ай!
Бастан кешіп, бодан елдің тірлігін.
Жадымыздан шығарамыз біз қалай?
Орбұлақ пен Ақтабанның қырғынын.
Қарақшы Ермак келсең дағы өктем бір
Хан Көшімнің кім ұмытар кекті үнін?
Ғасырлардың тереңінен жеткен бір
Сүзге сұлу мұңды əніңді естідім.
Ұрыс салған кіл батырлар ер жүрек
Аңырақай ! Қанды шайқас əйгілі.
Ұлы жеңіс Туы сонда желбіреп,
Қазағымның асқақтаған айбыны!
Сұр замандар алмастырып бір-бірін
Жеткізбеді, жеткізбеді-ау басты арман.
Туды ақыры ел аңсаған нұрлы күн
Тəуелсіздік! Желтоқсаннан басталған.
Жиырма жыл өтті елім сан сыннан
Берік етіп Тəуелсіздік Тұғырын.
Жақсы күндер арылмасын Халқымнан
Еркіндігім, мəңгі болсын ғұмырың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу