Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  109


Автор: Абдрахман Асылбек

Мықтылық

Бір досымыз қызып қалып,
Қабырғаны сүзіп барып,
Қаңғалақтап жүріп кетті,
Дәретханаға кіріп кетті.
Содан сол дос ұзақ кетті,
Шығар мезгіл ұзап кетті.
Қапаландық бұған анық,
Бұдан әрі шыдамадық:
«Шық та шық!» – деп, есікті ұрдық,
Шығады деп тосып тұрдық.
Достым, бірақ, ашпады есік,
Қайттық кері «қасқа» десіп.
Біздер солай сыртта қалдық,
Тағы біраз ұрттап алдық.
Келер таңда бір-ақ тұрдық,
Достың жайын сұрап тұрдық.
Сөйтсек, жазған ұйып қатты,
Дәретханада ұйықтапты.
* * *
Міне, нағыз мықтылық,
Іштік тағы тік тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу