Өлеңдер ✍️

  03.04.2022
  203


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

СҰЛУ ҚЫЗДЫ СҮЙГЕН КЕЗДЕ ҚҰШЫП ҚАЛ…

Сұлу қызды сүйген кезде құшып қал,
сұлу гүлді тиген кезде құшып қал.
Қонақтарым күткен кезде келіп қал,
жомарттарым, сұрағанда беріп қал.
Сұлу қызың бір жылар да жат болар,
Сұлу гүлің бір қурар да шөп болар
Тым кешігіп келген қонақ аш қалған...
бар қасірет кешігуден басталған.
1969, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу