Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
289
«Мейірімді» мұғалім
Күнделікті сұрақка
Жауап берер Лақ па?
Күнделігі кілең «үш»,
Қарап көрсең, бірақ та.
– Айналайын шұнағым,
Қалай болар сынағың?
Жаман баға өзіңе
Қоймайды ма мұғалім?
Деп енесі сұрады,
Тосылған жоқ Лағы:
– Қанша жаман алсам да,
Тоқсанға «үш» шығады.
Емес тіпті тосын жай,
Кей мұғалім осындай.
Орта деген бағаны
Қоя салар шошынбай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇