Өлеңдер ✍️

  15.02.2022
  13855


Автор: Таныстыру сөздері

Жалпы таныстыру (жігітке)

Шабысы ер жігіттің дара білем,
Әрбір күннен бір қуаныш ала білем.
Ассалаумалейкум баршаңызға,
Жиналған жұрт ағайын, жақсы кілең.

Ұлы жүздің ұлымын, ұланымын,
Биік самғар аспанда қыранымын.
Өнерімен тәнті етер бар адамды,
Таудан аққан мөп-мөлдір бұлағымын.

Есімімді сұрасаңыз Асхат менің,
Қазатұғын тереңнен білім кенін.
Әкем аты Ергешбай дарабоз жан,
Табатұғын қашанда жанның емін.

Анам менің Сұлушаш жүрегі кең,
Барша жанды баурайды тілегімен.
Мен қалайша биіктен көрінбейін,
Тәнті етіп бойдағы өнеріммен!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

мөлдір
мөлдір 12.03.2026 20:31
таныстыру
Өркен
Өркен 07.11.2024 20:31
Күзгі балл
Ерсұлтан
Ерсұлтан 07.09.2024 00:29
Автор сөзі
Нурбол
Нурбол 20.03.2024 12:29
Таныстыру

Пікір жазу