02.11.2021
  1106


Автор: Әкім Ысқақ

Қыран мен қарға

(мысал)

Қыран да, Қарға да құс. Бірақ екеуінің алар орны бөлек. Қыран қиядағыны шалады, биікте жүреді, текті тірлігімен өнегелі. Ал Қарға пәсте жүреді, сасықты, өлексені жақсы көреді, қарны тойғанына мәз. Қыранды өсектеп, ғайбаттап, сыртынан оқ атып, жерге түсірерсің. Қарғаны да мақтап, көтерлемелеп, өзіңше биіктетуіңе болады. Бірақ ешқашанда Қарға Қыран бола алмайды, қыран да Қарға бола алмайды. Қыран Қарғаның сасық пиғылына түсуі мүмкін емес! Екеуін шатастырып алмашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу