Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  270


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құлажекей

Қайда едің шақырғанда Құлажекей,
Айрылмас домбырадан тіл, көмекей.
Алдымда құрбы-құрдас кез болғанда,
Салайын басып-басып, некей, некей.

Қайырмасы:
Алқаракөк, ай!
Кетті сәулем қыр жайлап,
Тәуекелге бел байлап,
Санаменен сарғайдым-ай,
Сәулем, сені көп ойлап.

Су алсаң, Ертістен ал, кемерленген,
Сұрасаң тілек етіп, не бермеген.
Ақ құйрық қара шайдың нұсқасындай,
Көзіңнен айналайын дөңгеленген.

Қайырмасы:
Алқаракөк-ай!
Кетті сәулем қыр жайлап,
Тәуекелге бел байлап,
Санаменен сарғайдым-ай,
Сәулем, сені көп ойлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу