Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2021
216
Данасың дәулетіңе масықпасаң
Данасың, дәулетіңе масықпасаң,
Жарымсың жар, досыңнан қашықтасаң.
"Сары алтын — сабыр түбі" сақтап таза,
Жетерсің мақсұдыңа асықпасаң.
Тұрады туысың анық тілегінде,
Басынды бұзықтықтан ашықтасаң.
Қасында астананың аш болмайсың,
Алмай-ақ ожау, шөміш қасықтасаң.
Басыңнан бақытың ұшып, бағаң кемір,
Өзіңді өзің бұзып, пасықтасаң.
Болады ауазана әркім ашық,
Жазып ап, жақсы сөзді машықтасаң.
дана дәулет Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇