16.05.2021
  580


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Егінші мен балшы

   Алдамшы бір адам ауылға келіп, адамдарды айналасына жинап, оларға келешектері туралы болжам жасайтынын айтады. Оның жанына бір топ адам жиналады.

    Мұны естіген бір егінші де, қызығып, бал аштырмақшы болып, балшыға келеді. Балшы адам әдемі сөздер айтады. Соңында кетпекші болған егіншіден ақшасын сұрайды.

    - Ненің ақшасы? – дейді егінші. Сен өткенді де, келешекті де білесің. Қалтамда ақшамның жоғында білуің керек. Сөйлегендерің шын болса, ақшаны сол кезде беремін. Ал, қош болып тұр, – дейді егінші.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу