Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2026
49
КІМ БІЛЕДІ?
Кім біледі?
Күйін кештім білместің,
Тағдыр – тұзақ, құрығы мол бұл бес күн.
Оқта-текте құз қабақтай мұнарып,
Жер абызы зеңгір таумен тілдестім.
Кім біледі?
Түнгі аспанда ай толып,
Тұр ма екен түнек мұңды қайтарып?
Жоғалады, сіңіп нұры ғайыптан,
Көз алдымда бос ауаға айналып.
Кім біледі?
Көшкін бұлттың сырларын,
Сезіндірді дәуір демнің жылдамын.
Қолын созса бәз біреулер үмітке,
Ал біреулер батып жатыр сорға мың.
Кім біледі?
Арман барын көксеген,
Ақиқатқа ерік етіп, көп сенем.
Күңкілдесіп күндестер жүр көлденең,
Жармасқаны – өтірік кеп, өпсе дем.
Кім біледі?
Жер-Ананың жұмбағын,
Көтереді күллі дүние сынағын.
Тас емеспін, қаталдықтан баз кешіп,
Әп-сәтте-ақ құшып мейір, сынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇