Өлеңдер ✍️

  21.05.2026
  225


Автор: Сыңсу

Жан әкеме мен аяулы анама



Тәрбие беріп, баптап, мәпелеген,
Қызым деп еркелетіп, жетелеген.
Әкешім, асқар тауым, тірегімсің,
Ақ сүтін анашымның өтер ме екем?

Қияға қанат қақты бала паның,
Сағынам анашымның алақанын.
Тілеушім, қос бәйтерек, аман болшы,
Жылатпай аттандырған балапанын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қарақат
Қарақат 10.07.2026 04:55
Өлең кажеи

Пікір жазу