Эсселер ✍️

  13.04.2026
  104


Жасанды интеллект — адамға қауіп пе, әлде көмек пе?

XXI ғасыр — ақпарат заманы. Адам баласының ең құнды ойлап тапқаны — технология.

Қазіргі таңда біз жаһанданудың шекті деңгейіне жеттік. Күннен-күнге технология дамып,барлық салаларға еніп жатыр.

Соның ішінде соңғы уақытта ең көп талқыланып жатқан - жасанды интеллект. Иә, мойындау керек, жасанды интеллект адам өмірін біршама жеңілдетіп жатыр. Оған бүгінгі күніміз дәлел. Әр салада жасанды интеллект өз құдіретін айқындауда. Оған біз, әрине, асқан таңданыспен қарап жатамыз. Заман дамыды деп қуанып жатамыз. Бірақ бұл өндірістің тигізер зияны да аз емес.

Біріншіден, қазіргі өзекті әрі қауіпті мәселе - мамандық саласы. Бұрын әр саланың өз маманы болса, қазір ЖОО-ға түсушілер алдын ала «Бұл мамандықты жасанды интеллект алып қоймай ма?» деп зерттеп жатады. Иә, қазір кейбір мамандықтар адамды да қажет етпейді. Ал бұлай жалғаса берсе, адамзат жұмыс істеуден қалады деп ойлаймын.

Екіншіден, ең басты тигізіп жатқан зияны - білім саласы. Иә, жасанды интеллект жылдам, оңай, қолдануға ыңғайлы. Мысалы, мектеп қабырғасында көп оқушылар жасанды интеллектпен дос. Әрине, ақпарат алу, білмеген мәліметтерді білу жақсы, бірақ бұл жүйе адамның ойлау қабілетін тежейді.Оған дәлел соңғы жылдары ҰБТ нәтижелерінің тұрақсыз болуы. Кейбір мәліметтер бойынша орташа баллдың төмендеуі байқалады. Бұл оқушылардың дайын ақпаратқа тәуелді бола бастағанын көрсетуі мүмкін.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект - адамзат үшін әрі көмек, әрі қауіп. Барлығы оны қалай қолданатынымызға байланысты. Егер адамдар оны тек жеңіл жол ретінде пайдаланса, білім мен еңбекке деген қызығушылық төмендеуі мүмкін. Ал дұрыс бағытта қолданса, ол қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан технологиядан қорықпай, оны саналы түрде пайдалану - бүгінгі ұрпақтың басты міндеті деп ойлаймын



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу