Эсселер ✍️
Әскерден қашу – әлсіздіктің белгісі ме?
Әскер – елдің қауіпсіздігін сақтайтын Қарулы Күш. Өз елін қорғау әр ер азаматтың міндеті. Бүгінде әскерге бармау мемлекет қоғамындағы өзекті мәселенің бірі. 18-27 жас аралығындағы азаматтарымыз 12 айлық отан алдындағы борышын өтеуден жалтаруда. Бұл жай халықтың сеніміне селкеу түсірді. Елімізде қазір көктемгі шақыру науқаны жүруде . Әлеуметтік желіні қарайтын болсақ,бозбала жастарымыздың әскери комиссариаттан қашып жатқанын көрудеміз. Жауапты шенділер межені толтыру үшін ер азаматтырды аң аулағандай күштеп ұстап әкетуде .Әлемде соғыс өрбіп тұрған кезеңде , еліміздің әскери жағдайы көңілге қаяу түсіріп тұр. Осы мәселенің пайда болуы жайлы халық , биліктегілер де ер азаматтар да айыпты дейді .
Соңғы уақытта қабылданған заңға сүйенсек әскерден қашқандарға 4 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал қоғам белсенділері қазақ армиясының беделі мен абыройы тым төмендеп кетті дейді. Оған ең бірінші себеп – әскер қатарында қаза тапқандар.Аяқ астынан мертіккендер саны күн санап өсуде . Ал марқұмдардың туыстары армия басшылығын айыптап отыр. Екінші себеп – әскердегі әлімжеттік. Баласын сеніп тапсырған ата-ананың басты зары . Әскерден тұйық , ынжық , ауру болып келген азаматтар қаншама . Кеңес одағында қалыптасқан ұрып-соғу немесе “тәрбиелеу” секілді істер азаматтардың сағын сындырды, намысын таптады . Бірақ қазір отан борышын өтеу уақыты 1 жылға шегерілді . Дегенмен соның өзінде барған бала ант қабылдамай жатып асылып өліп, құлап жазым болып жатады . Айыпты кім?
Қорғаныс министірінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтылған жай бойынша “Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар. Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасады. Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшлік жауапкершілікке тартылады”- деп мәлімдеді .
Қоғамды алаңдатқан бұл мәселе жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында да хабарлап айтқан болатын .
Билік өкілдері бұл мәселені шешудің жолын қарастыруда . Олар әскердегі тәртіпті күшейтуді , заңды қатаң түрде орнатуды негіздеп отыр .
Қорыта айтқанда әскерден қашу – күрделі мәселе. Бірақ оны түсіністікпен қарап, дұрыс тәрбие мен қолдау арқылы азайтуға болады. Әр азамат өз міндетін түсініп, жауапкершілікпен қараса, қоғам да тұрақты әрі қауіпсіз болады.
Адырбеков Диас
Шымкент қаласы
Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇